Саңырауқұлақтарды жинау және пайдалану кезiндегi сақтық шаралары

Саңырауқұлақтарды жинау және пайдалану кезiндегi сақтық шаралары

Орман — шулы елдi мекендерден алыс жерде демалудың тамаша мүмкiндiгi. Көбiсi орманға саңырауқұлақтарды теру үшiн барады. Алайда саңырауқұлақтардың кейбiр түрлерi улы болады, сондықтан оларды жинау кезiнде абай болу керек.

Саңырауқұлақтар тез бұзылатын өнiм болып табылады және микробтардың дамуына жақсы орта ретiнде қызмет етедi. Сондықтан оларды жинағаннан кейiн 3-4 сағаттан кешiктiрмей өңдеу керек.

Көбiнесе улы саңырауқұлақтар сырттай жеуге жарамды саңырауқұлақтарға ұқсағандықтан, кездейсоқ олармен бiрге жиналып, улану жағдайларына себеп болады. Өлiмге әкелетiн қателердi болдырмау үшiн саңырауқұлақтардың жалпы белгiлерiн жақсы зерттеп, улы түрлердiң тән айырмашылықтарын бiлу керек.

Саңырауқұлақтардың арасынан сiзге белгiлi түрлерiн ғана жинау керек. Белгiсiз немесе күмәндi жемiс денелерiн жеуге болмайды. Кейбiр үлгiлерде тән белгiлер болмауы мүмкiн екенiн есте ұстаған жөн, мысалы, шыбынжұттың қақпағындағы ақ қабыршақтары қатты жаңбырмен жуылып кетуi мүмкiн, ал сасық саңырауқұлақтың жоғарғы жағын кескен кезде оның сабағындағы сақинасын байқамай қалуы мүмкiн.

Балалар үшiн көптеген саңырауқұлақтар ересектерге қарағанда әлдеқайда қауiптi, сондықтан балалардың тiптi «жақсы» саңырауқұлақтарды жеуден шектеу керек.

Саңырауқұлақтарды жинау кезiндегi қауiпсiздiктiң 5 қағидасы:

  1. Ешбiр жағдайда бейтаныс саңырауқұлақтарды жинамаңыз және сатып алмаңыз. Абайсыздан себетке түскен бiр ғана сасық саңырауқұлақтың уы қалған саңырауқұлақтарға сiңiп, оларды қауiптi ете алады.
  2. Құрттаған аса пiсiп кеткен саңырауқұлақтарды жинамаңыз, олардың құрамында да улы заттар бар.
  3. Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың, тас жолдардың, темiржолдардың, пестицидтер қолданылған алқаптардың жанында саңырауқұлақтарды жинамаңыз. Саңырауқұлақтар топырақ пен ауадан барлық кiрдi жинайды.
  4. Мырышталған шелектердi пайдаланбаңыз — оларда саңырауқұлақтар тотығады. Оларды пластмассадан, ал одан да жақсысы шоқтан жасалған ыдысқа жинағаны дұрыс.

Саңырауқұлақтарды жинау кезiнде абай болыңыз: осы мақалада келтiрiлген ұсыныстарды орындаңыз, ең бастысы, сiз бiлетiн саңырауқұлақтарды ғана жинаңыз!

«Аққайың орман шаруашылығы» КММ
әкiмшiлiгi