Мемлекеттік орман қорының мониторингі

Мемлекеттік орман қорының мониторингі

Абай облысындағы табиғи өртті жою жөніндегі Жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша 2023 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев орман алқаптарындағы өрт ошақтарының алдын алу және уақтылы анықтау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын кеңінен пайдалану жөніндегі шаралар кешенін іске асыру жөнінде тапсырмалар берді.

Орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының орман мекемелеріне 2024 жылы жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, 12 квадракоптер сатып алынды.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану ауқымы өте кең, бұл орман қоры жерлерін мониторингтеу, заңсыз ағаш кесуді анықтау, орман өрттерінен, аурулары мен зиянкестерінен зақымданған аумақтарды анықтау, учаскелерді көзбен шолып тексеру, браконьерлік фактілерін анықтау және анықтау және т. б.

Осы аппараттарды жұмысқа енгізу өрт ошақтары мен орман бұзушылық фактілерін анықтау кезінде неғұрлым жедел және дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту тұрақты негізде жүргізіледі.

Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің басшысы
В .А. Лабанчук