Орман өрттерінің бейнемониторингі жүйесін оқыту

Орман өрттерінің бейнемониторингі жүйесін оқыту

2024 жылғы 01 тамызда Петропавл қ. аграрлық үйінің ғимаратында «Орман күзетшісі» орман өрттерін ерте анықтау жүйесін әзірлеуші Байарстанов А. Х. қашықтан мониторинг және басқару жобасы бойынша оқыту жүргізді.

2024 жылы 7 орман шаруашылығында ұялы байланыс діңгектерінде бейнебақылау жүйелері орнатылды: Ақан-сері, Аққайың, Булаев, Қызылжар, Преснов, Сергеев және Соколов.

Орман өрттерінің бейнемониторингі жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқытудан 7 орман шаруашылығының жауапты қызметкерлері-орманды қорғау жөніндегі инженерлер өтті.