
«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ қызметкерлерi Петропавл қаласының төтенше жағдайлар департаментiмен бiрлесiп өрт қауiптiлiгiнiң жоғары деңгейiне байланысты, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң алдын алуға бағытталған рейдтiк шаралар ұйымдастырды. Тұрғындарға өрттi ұқыпты пайдалану және орман өрттерiне жол бергенi үшiн жауапкершiлiк шаралары туралы түсiндiру әңгiмелерi өткiзiлдi. Сондай-ақ, шомылу маусымы басталуымен және суда қайтыс болғандар санының көбеюiне байланысты ТЖД қызметкерлерi осы тақырып бойынша түсiндiрме әңгiмелер өткiзiп, ата-аналар мен кәмелетке толмағандарға суда және су қоймасында жүрiс-тұрыс ережелерi туралы жадынамалар таратты.
«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ
орманды күзету және қорғау инженерi
Р.Қ. Жанахметов