Жоба аясында 2024 жылғы 26 маусымда сағат 12:00-де оқушыларға арналған «Достық» балалар сауықтыру лагерінің базасында «Табиғатты сақтайық!» (орман және жануарлар дүниесін қорғау, су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау бойынша) экологиялық сағат өткізілді.
Іс-шара бары сын да қатысушылар 2 кезеңнен тұратын викторинаға қатысу үшін 4 командаға бөлінді.
Оқушыларға жоғары белсенділік пен қызығушылық танытты, эко сағатты ұйымдастырушылар тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің, планетаның су ресурстарын сақтаудың маңыздылығы туралы анимациялық фильмдер мен презентациялар көрсетті, тақырыптық викториналар өткізді.
Жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталды, барлық қатысушыларға көтермелеу сыйлықтары (тәтті сыйлықтар) табысталды.
Іс-шараға 124 оқушы қатысты.
Экологиялық реттеу, табиғатты қорғау
бағдарламалары және су шаруашылығы бөлімінің
бас маманы А. Славный