«Жасыл Ел»

«Жасыл Ел»

«Жасыл Ел» жобасының мақсаты елдi көгалдандыру, студент және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа орналастыру болып табылады.

2020 жылдың 1 шiлдесiнде «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша «Мамлют орман шаруашылығы» КММ жастар еңбек жасағының сарбаздары қатарына 15 адам кiрдi. Жауынгерлер үш орманшылыққа бөлiндi: Беловскiде — 3 адам, Кондратовкада — 10 адам және Михайловкада — 2 адам.

Нәтижелi жұмыс iстеу үшiн сарбаздарға қауiпсiз еңбек жағдайлары жасалған. Жас сарбаздар питомниктердi суарумен, жасыл көшеттердi күтумен, сыпырғыштар дайындаумен, бағаналарды орнатумен, қоқыстарды жинаумен айналысады. Жасақтың әр күнi сағат бойынша жоспарланған. Жас сарбаздар өз мiндеттерiн орындауға үлкен ынтамен қарайды. «Жасыл Ел» жасағында жұмыс iстей отырып, жастарда Отанға деген патриоттық сезiм және туған өлкенiң байлықтарына ұқыпты қарау дағдысы қалыптасады.