
Орман алабын құруға, сонымен қатар Қазақстанда орманды өңiрлердi жоғарлатуына және экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған, «Жасыл Ел» жасылдандыру бағдарламасы, ҚР Президентi Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын iске асыру мақсатында 2015 ж. 18.02. әзiрлендi, онда 18 жастан 29 жасқа дейiнгi студенттермен, жұмыссыз жастарға жазғы кезеңде еңбек отрядтарында жұмыс ұсыну мәселесi айтылған.
Жалпыұлттық бастамасының негiзiнде, жағымсыз салдарының болмауы үшiн жастардың энергиясын, өзге де қоғамға пайдалы арнасына жiберу идеясы салынған. Бұл жағдайдағы басты мiндетi, дағдыларды қалыптастыру үшiн жағдай жасау болып табылады, жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке, бiрлiкке даярлау, қалыптастыру және нығайту, жастар арасында патриоттық сезiм, туған жерге, табиғатқа деген сүйiспеншiлiк.
Өткен жылдардың тәжiрибиесi, еңбек отрядының жауынгерлерi негiзгi қызметтерiнен басқа, жiгерлi және мейiрiмдi жастардың бiрiгу барысында, қоғамдық және өмiрлiк ұстанымын танытады, штаб жетекшiлерiнiң және «Жасыл Ел» отрядтарының алдынғы өкiлдерiнiң слеттарына, әр түрлi тренингтерге белсене қатысады, одан басқа өз бос уақыттарын, ойын-сауық интеллектуалдық ойындарымен, спорт шараларымен және т.б. түрлерiмен ұйымдастырады. Жыл сайын және облыстың барлық жерiнде, «Менiң атаулы ағашым», «Парктер маршы» сияқты және т.б. акциялар өткiзу дәстүрге айналған.
2020 жылдың 01-шi шiлдесi «Қызылжар орман шаруыашылығы» КММ «Жасыл Ел» жастар еңбек отрядының XIV еңбек маусымының ашылуы өттi, онда еңбек отрядының жауынгерлерi, орман қорғау және күзету инженерi, куратор және тiкелей жетекшi ететiн, солардың басшылығымен барлық орман шаруашылық шараларының жоспарлы көлемi орындалатын, жауапты орман қорғау жұмысшылары қатысты.
Облысымыздың мемлекеттiк орман мекемелерiнде «Жасыл Ел» отрядының 186 жауынгерi қызмет жасайды, оның iшiнде 35 жауынгерi «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ. Студенттер өсiмiн молайту бойынша бiрқатар орман шаруашылығы iс-шараларын орындайды: тұқымбақ шаруашылығында күту жұмыстары (шөп жұлу, суару), орман алабын тазалау, өрт қауiпсiздiгi жоспарында қылқан түрлерiнiң ұшарбасына күтiм жасау, туған өлкенi, сая бақтар мен скверлердi көрiктендiру. Берiлген еңбек жобасының төлемi 2 көз есебiнен жүргiзiледi, жалақының бiр бөлiгi «Жасыл Ел» жауынгерлерiне республикалық бюджеттен түседi, ал екiншi бөлiгi орман мекемесiнiң атынан, жұмыс берушi төлейдi, жәнеде «Жасыл Ел» облыстық штабы жауынгерлерге замануй стилдi, сапалы тiгiлген әмбебап киiмiн бөледi.
Орман патолог-инженерi
Р.Тлеуова