Мемлекеттiк орман қоры аумағында минералдандырылған жолақтарды құру

Мемлекеттiк орман қоры аумағында минералдандырылған жолақтарды құру

Жаз айы — ыстық мезгiл,өйткенi жазда ауа температурасы жылына ең жоғары көрсеткiштерге дейiн жетедi. Ал «ыстық» сөзiнiң мағнасы ұзақ кезеңге созылған қарқынды, белсендi әрекеттi бiлдiредi. «Ақан серi» орман шаруашылығының қызметкерлерi осы сөздiң екiншi мағынасы туралы жақсы бiледi, өйткенi дәл осы кезеңде орман шаруашылығы жұмыстарының басым бөлiгi басталады.

Жыл сайын сәуiр-қараша айларында өрт қауiптi маусым жарияланады, оның iшiнде орман шаруашылығының қызметкерлерi ормандарда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, атап айтқанда минералдандырылған жолақтарды орнату және күтiп-баптауға байланысты жұмыстарды орындайды. Мекеменiң жоспары бойынша 200 км көлемде минералдандырылған жолақтарды өңдеу жоспарланған, оның iшiнде орманды ұзақ мерзiмге пайдаланушы ЖК «С.Н. Дегтярев» iс жүзiнде 20 км көлемiнде орындады. Бүгiнгi күнi «Ақан серi» орман шаруашылығы» КММ-де минералдандырылған жолақтарды бiр рет орнату жұмыстары жүргiзiлдi, 100 км көлемде минералдандырылған жолақтарды орнату және 500 км көлемде минералдандырылған жолақтарды күту жұмыстары жүргiзiлдi, жылдық жоспар 2000 км, соның iшiнде орманды ұзақ мерзiмге пайдаланушы ЖК «С.Н. Дегтярев» 100 км орындады.

Минералданған жолақ-бұл жасанды жасалған өртке қарсы тосқауыл. Ол орман алқаптарымен шектесетiн аумақтың желiлiк учаскесiн жанғыш материалдардан тазарту жолымен құрылады. Әдетте, бұл механикаландырылған тәсiлмен жасалады: белгiлi бiр енi бойынша топырақ тракторымен жыртылады. Топырақтың минералды қабаты тазартылады да, жанғыш заттар шым, шөп, жапырақтар және өзге де материалдар осы процесте жермен қопарылып жабылады.

Минералданған жолақтың тағы бiр мақсаты — орман алқабының қарама-қарсы реттелетiн өрiсiне жүргiзiлетiн тiрек желiсiн құрады.

Өрттiң алдын алу бойынша жұмыстар барлық өрт қауiптi маусым бойы жүргiзiледi.

«Ақан серi» орман шаруашылығы» КММ