
Аққайың ауданында 2024 жылғы 8 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Г. Т. Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен орман шаруашылығы мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізілді.
Кеңес басталар алдында өңір басшысы «Қызылжар» және «Соколов» орман шаруашылығы директорларына 2 өрт сөндіру автомашинасының кілтін табыс етті, сондай-ақ «Аққайың орман шаруашылығы» КММ Қаратомар орманшылығы аумағында орман отырғызуға қатысты. Қолмен және механикаландырылған отырғызу әдістерімен 10 мыңнан астам қарағай көшеттері отырғызылды. Орманды молықтыру жөніндегі жұмыстар Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың орман қорына 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы және «Таза Қазақстан» республикалық іс-шаралары шеңберінде жүргізіледі.
«СҚО әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ басшысы Б. Қ. Исманов облыс әкімі Ғ. Т. Нұрмұхамбетовты орман отырғызу және орман өрттерін сөндіру үшін пайдаланылатын техникамен және жабдықпен таныстырды, мемлекеттік орман иеленушілердің көктемгі орман мәдени жұмыстарын орындау барысы туралы баяндады.
СҚО ТЖД бастығының орынбасары Д. И. Растихин облыстағы табиғи өрттерді сөндіруге дайындық бойынша., ауданның елді мекендерін абаттандыру бойынша Аққайың ауданының әкімі Р. М. Елубаев ағымдағы жағдай туралы баяндады
Сондай-ақ, облыс әкімі су тасқынына қарсы іс-шаралар кезеңінде облыс орталығының тұрғындарын ауыз сумен және техникалық сумен қамтамасыз етуге қатысқан орман шаруашылығы қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.