Аумақты абаттандыру

Аумақты абаттандыру

Жаздың басынан бастап ғимараттарды жөндеу және iргелес аумақтарды жақсарту жұмыстары аясында негiзгi жұмыстардан басқа, абаттандыру жұмыстары жүргiзiлуде.

КММ жоспарында қаражаттың болуына сәйкес бiз кеңсенi кезең-кезеңiмен жөндеумен және аумақты абаттандыру жұмысымен де айналысамыз.

Баннерлер жаңартылып, гараждарды сырлау, эстетикалық көрiнiс беру үшiн гүлзарларды безендiру, iргелес аумақта жыл сайын гүлдер отырғызылады. Аумақтарды көгалдандыру жұмыстары жүргiзiлуде, жас қылқан жапырақты ағаштар — шыршалар мен самырсын отырғызылды.

Осы жылдың маусым айында кеңсе аумағында демалуға арналған заманауи материалдардан жасалған күрке құрылысы орнатылды.

Гүлзарларды, баннерлердi сатып алу және жаңарту бойынша шығындар, гараждарды, жылыту жүйесiн жөндеу бойынша ағымдағы жұмыстар, сондай-ақ күркелер орнату жалпы сомасы 164 890,75 м.т. құрады.

Абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

«Пресновка орман шаруашылығы» КММ
әкiмшiлiгi