Демалушыларға ескерту!

Демалушыларға ескерту!

Жазғы кезеңде Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның ТЖБ және «Ақан серi» орман шаруашылығы» КММ бiрлесе отырып, 2020 жылғы 20 маусымда Рузаев және Көкалажар ауылдық округтерiнде рейдтiк iс-шаралар өткiздi. Демалушыларға ормандағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiн және судағы қауiпсiздiк ережелерiн сақтау туралы ескертулер жасалды.

Мамандар демалушыларға судағы жүрiс — тұрыс ережелерiнiң талаптарын, сондай-ақ адамдардың салғырттығы мен бейқам қарым-қатынасының нәтижесi жанып кеткен даланың жүздеген гектары, ал кейде орманның да жаңаруы қиын табиғи ресурс екенiн түсiндiрдi. Сондықтан, әрбiр азамат табиғатқа шығып, елiмiздiң табиғи байлығын сақтауға өзiнiң жауапкершiлiгiн есте сақтауы және ормандағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiн мүлтiксiз сақтауы тиiс.

«Ақан серi» орман шаруашылығы» КММ
инженерi
Ю.Ю. Куркин