Мемлекеттік орман шаруашылықтарының қызметін ұйымдастыруға және іске асыруға бағытталған негізгі мәселелер бойынша Басқарманың жұмыс алқасы өткізілді

Мемлекеттік орман шаруашылықтарының қызметін ұйымдастыруға және іске асыруға бағытталған негізгі мәселелер бойынша Басқарманың жұмыс алқасы өткізілді

2024 жылғы 04 сәуірде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ басшысы Б. Қ. Исмановтың төрағалығымен мемлекеттік орман шаруашылықтарының 2024 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындығын тексеру қорытындысы бойынша, көктемгі орман отырғызу жұмыстарына дайындық және өңір халқын отын сүрегімен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы алқа өткізілді.

Алқа жұмысына «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ мамандары, мемлекеттік орман шаруашылықтарының директорлары мен бас бухгалтерлері қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

  1. Мемлекеттік орман шаруашылықтарының 2024 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындығы туралы.
  2. 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік орман шаруашылығы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспарын, көктемгі орман мәдени жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру барысы туралы.
  3. Өңір халқын отын ағашымен қамтамасыз ету тәртібі туралы.

Өткізілген алқа қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмалар беріліп, орындалу мерзімі белгіленді.