Заңсыз аң аулау фактiсi тiркелдi

Заңсыз аң аулау фактiсi тiркелдi

СҚО-да заңсыз аң аулау фактiсi тiркелдi. Маусымның 15-i күнi Сергеев орман шаруашылығының қызметкерлерi Шал ақын ауданының полицейлерiмен бiрлесе жүргiзген рейд барысында орман iшiнде Сiбiр елiгiнiң етiн тапқан.

Қазiр мамандар бiрқатар сараптамалар жүргiзiп жатыр. Алдын ала мәлiмет бойынша, жануарлар дүниесiне келтiрiлген шығын мөлшерi бiр миллион теңгеден асады.

Михаил Никитин, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:

— «Сiбiр елiгiнiң аналығын қыркүйектiң 20-ы мен желтоқсанның 31-i аралығында аулауға рұқсат етiлген. Ал текелердi тек тамыздың 1-нен бастап атуға болады. Бұл заң аталмыш жануардың азаюына жол бермеу мақсатында енгiзiлдi.»

petropavltv.kz