«Мамлют» орман шаруашылығының тжарты жылдық қорытындылары

«Мамлют» орман шаруашылығының тжарты жылдық қорытындылары

Аудан тұрғындарының отындық ағашқа қажеттiлiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ шарттық мiндеттемелердi орындау үшiн 45759 м3 көлемiнде 337,2 га алаңда 2020 жылы ағаш кесу жоспарланған. Қазiргi танда халыққа 45,5% жазылған.

Орман өрттерiнiң туындауын қысқарту және болдырмау мақсатында мемлекеттiк орман қорының аумағында бiрнеше iс-шаралар жүргiзiлдi:

  • ұзындығы 1463 км орман алқаптары бойындағы минералдандырылған жолақтарға бiр рет күтiм жасалды;
  • өртке қарсы және табиғатты қорғау тақырыбына 150 аншлаг орнатылды;
  • БАО-на 6 мақала жарияланды;
  • өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарына 120 ескерту берiлдi.

2020 жылы аудан аумағында 7 өрт тiркелдi, орман өртi тiркелген жоқ.

2020 жылдың басынан 50 рейдтiк iс-шаралар өткiзiлдi. Заңсыз орман кесу фактiлерi тiркелген жоқ.

Ауданның орманды жерлерiн көбейту мақсатында 2020 жылы орман өсiру бойынша iс-шаралар өткiзiлдi, атап айтқанда:

  • орман дақылдарын 23 га алаңда отырғызу, жоспар бойынша 43 га;
  • орман дақылдарын толықтыру 69 га, жоспар бойынша 69 га.

Жоғарыда көрсетiлген iс-шараларды орындау үшiн уақытша орман питомниктерiнде 300 мың дана қайың ағашының стандартты екпе көшеттерiн өсiру жоспарланған.

Ормандарды қорғаудың негiзгi мiндетi — оларды ұтымды пайдалану және молықтыру.

«Мамлют орман шаруашылығы» КММ
әкiмшiлiгi