Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын арттыру

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын арттыру

Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыру, қағазбастылықтан арылу. Бүгiнде атқарушы билiк органдары осындай форматқа ауысып жатыр.

Қазiр облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттiк қызметтiң 4 түрiн көрсетедi. Оның 3-еуi цифрлы негiзде жүргiзiледi. Олар — экологиялық сараптама қорытындысын бекiту, қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн және жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру. Аталған құжаттарды тұрғындар үйден шықпай-ақ egov.kz порталы арқылы ала алады. Ал ағаш кесу және орман билеттерiн алу үшiн қағаз толтыру керек. Жалпы, былтыр Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 4 мыңнан астам қызмет көрсетiптi. Бұл жайлы өңiрлiк коммуникациялар қызметiнiң баспасөз алаңында ведомство басшысы Бейбiт Исманов мәлiм еттi.

Бейбiт Исманов — СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

— 2020 жылдың 1 тоқсанында басқарма 935 қызмет көрсеттi. Оның 381-i — қағаз жүзiнде, ал 554-i электронды форматта жүргiзiлдi. Қаңтар-наурыз айлары аралығында тұрғындар тарапынан мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шағымдар түскен жоқ. Барлық iс уақытында тындырылды.

mtrk.kz