
2024 жылғы 21 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Р. Ж. Құрмановтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысының 2023 жылғы орман саласы жұмысының қорытындылары және ағымдағы 2024 жылға арналған негізгі міндеттер бойынша алқа өткізілді.
Алқаға «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ, Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері, «Көкшетау» МҰТП және орман шаруашылығы директорларының орынбасарлары мен бас бухгалтерлері қатысты.
Алқа жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инспекторы С. Н. Зайцева қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
Өткізілген алқа қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Р. Ж. Құрманов хаттамалық тапсырмалар беріп, орындау мерзімдері белгіленді.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімі басшысы
В. А. Лабанчук