Орманды қорғау

Орманды қорғау

«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ-де жүзеге асырылатын орман шаруашылығы қызметінің негізгі бағыттарының бірі орман күзеті ормандарды зиянкестерден, аурулардан, қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан қорғау болып табылады. 

Бұл орманның су басқан, кеуіп қураған учаскелерін жоспарлы түрде анықтау, сондай-ақ орман ауруларын, өрт қаупін азайтуға бағытталған жедел санитарлық-сауықтыру іс-шараларының кешенін жүргізу.

Бұл ең алдымен, орман зиянкестері мен ауруларының даму ошақтарын уақтылы диагностикалау, санитарлық кесу жүргізу, кеспеағаштарды белгіленген мерзімде сапалы тазартумен қамтамасыз етіледі.

Орман мекемесінің аумағындағы ормандардың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында орман орналастыру материалдарымен бірқатар орман қорғау іс-шараларын жүргізу жобаланған.   

Орман орналастырумен жыл сайын алдын ала тексерілетін орман патологиялық зерттеу орманмен қамтылған алқаптардың 10% есебінен жүргізу жоспарланған, бұл біздің орман шаруашылығы бойынша 5,3 мың га құрайды, соның ішінде орманшылықтар бөлінісінде: Боголюбово орманшылығында - 1.7 мың га, Куйбышев орманшылығында – 1.0 мың га, Тепловское орманшылығында - 1.6 мың га, Сосновка орманшылығында - 1.0 мың га толық көлемде орындалды.

Орман патологиялық зерттеулер күзде жұпсыз жібек көбелегінің жұмыртқа салуын, көктемде мамыр айының бірінші онкүндігінде  көбелек құрттары шыққан кезде, орман зиянкестерінің жазғы-күзгі тобын және қайыңның бактериялық шеменмен зақымдануын анықтау кезінде жүргізіледі.

2023 жылдың маусым айының бірінші онкүндігінде мекеменің орман күзеті ауданы 55 га, оның ішінде: Боголюбово орманшылығы бойынша 54.1 га, Тепловское орманшылығы бойынша - 0,9 га алқапта бірлі-жарым көбелек құртын анықтады.

Олар үлкен өрмекпен өрілген, ағаштардың діңіне топтап орналасқан болды, олар өрмекторларын қоректенген кезде тастайды. Дамуы шілде айына дейін созылды, содан кейін ағаш қуыстарында, қабықтың жарықтарында қуыршақтанады, орман төсенішінде жібек құрты солай қыстап шығады.

Олар суыққа төзімді келеді, 8 жылға дейін тіршілік процестері бәсеңдеп супердиапаузаға көшеді, көбелектер наурыздан мамырға дейінгі аралықта пайда болады.

Мекеменің мемлекеттік орман қоры аумағын күзгі орман-патологиялық тексеру кезінде ауданы 49.2 га жерде, оның ішінде Сосновка орманшылығы бойынша - 25.2 га, Куйбышев орманшылығы бойынша - 24 га алқапта жұпсыз жібек көбелегінің жұмыртқа салғаны анықталды.

2024 жылдың 1 жартыжылдығында жоғарыда баяндалған зиянкестер ошақтары бойынша одан әрі орман-патологиялық зерттеу, қажет болған жағдайда жерүсті күрес шараларын жүргізу жоспарланған.

Орман дақылдары алқаптарын талдау топырақ қазу әдісімен жүргізіледі, ол осы алқаптардың тамыр кеміретін зиянкестердің әртүрлі түрлерімен зақымдануын анықтауға бағытталған, олардың саны жоспарлы түрде 95 шұңқыр.

2024 жылғы 01 қаңтарға  «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ-нің ормандарының санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында 22 686 м³ өтімді сүрекпен 177,0 га санитариялық-жаппай кесу дайындады, 27 га  санитариялық-іріктеп кесу және таңдалатын қор бойынша 58 м³, есепті кезеңде кеспеағаштан тыс қоқыстарды жинау 1 996 м³ таңдалатын қормен  бірге аудан бойынша 2 584,1 га құрады.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары, шамадан тыс ылғалдылық, өткен жылдың қалыптан тыс шыжыған ыстығы орман алқаптарының орман патологиялық жағдайына әсер етті, осыған байланысты 2024 жылға санитарлық – сауықтыру іс-шараларын жүргізуді талап ететін бұзылған сүрекдіңдер барлығы: жалпы санитарлық кесу - 171,1 га/18 658 м³, оның ішінде 61,6 га/6 500 м³ суланған,  сүректің кеуіп құрауы 109,5 га /12 158 м³; санитарлық -іріктеп кесу  - 17,3 га/109 м³.

Орманды қорғау жұмыстары әрдайым жургізіледі.

«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ
директорының орынбасары Ә. Тоққожин