Қоршаған ортаны қорғау күнiне арналған «Таза жағалау — таза су қоймасы!» акциясы

Қоршаған ортаны қорғау күнiне арналған «Таза жағалау — таза су қоймасы!» акциясы

2020 жылдың 5 маусымында қоршаған ортаны қорғау күнi «Таза жағалау — таза су қоймасы!» акциясы өткiзiлдi. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шақыруы бойынша Пестрое көлiнiң су қорғау белдеуiн тұрмыстық қоқыстан тазарту бойынша акцияға: Солтүстiк Қазақстан орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi аумақтық инспекциясы, табиғат қорғау полициясы, СҚО бойынша экология департаментi, Су ресурстарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөнiндегi Есiл бассейндiк инспекциясы, 50-ден астам адам қатысты.

Акцияның мақсаты экологиялық мәдениеттi қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, су қоймаларының ластануы мен қоқыстануын болдырмау. Бiр тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар жиналып шығарылды.

Құрметтi Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтары қалдықтармен жұмыс iстеу мәдениетiн сақтаңыздар, рақатпен демалыңыздар, өзiңiзден кейiн қоқысты жинауды ұмытпаңыздар!

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
табиғатты қорғау бағдарламалары
бөлiмiнiң бас маманы
А. Славный