Көктемгi орман отырғызу жұмыстары

Көктемгi орман отырғызу жұмыстары

«Мамлют орман шаруашылығы» КММ ағымдағы жылдың сәуiр айында 23,0 га алқапқа Колесов қылышы тәсiлiмен қайың ағаштарын отырғызуға кiрiстi.

Өйткенi орман дақылдары алқабына отырғызылған көшеттер алғашқы 1-2 жылда ортаның жаңа жағдайларына бейiмделедi және қазып алу кезiнде зақымдалған тамыр жүйесiн қалпына келтiредi, кейбiр өсiмдiктер жерсiнбейдi, осыған байланысты орман екпелерiн толықтыру — қурап қалған өсiмдiктер орнында дақылдарға отырғызу жүргiзiледi. Толықтыру қажеттiлiгi орман екпелерiнiң жерсiнуi анықталғаннан кейiн күзгi түгендеу кезiнде белгiленедi.

Орман екпелерi үшiн топырақ уақытылы дайындалды, өңдеу жартылай атызбен, МТЗ-82 тракторымен жүргiзiлдi.

Отырғызу кезiнде тиiстi стандарттардың талаптарына жауап беретiн көшеттер пайдаланылды, қажеттi нәтижелердi алу үшiн келесi шарттар сақталған:

  • отырғызу материалы қазып алу, тасымалдау, көму және отырғызу кезiнде кебуден қорғалған;
  • талап етiлетiн нормаларды сақтай отырып, отырғызу материалын отырғызу алдында өңдеу жүргiзiлдi (сұрыптау, тамырды кесу, топырақ быламыққа малу);
  • топырақ мұқият дайындалған;
  • тамыр жүйелерiн отырғызу және бiтеу сапалы жүргiзiлдi.

Отырғызу материалдарын дайындау Кондратовка, Беловка, Михайловка орманшылықтарының питомниктерiнде 133,0 мың дана орман күзетi күшiмен жүргiзiлдi.

Орманды молықтыру және
орман өсiру жөнiндегi инженерi
П.С. Косоурова

«Булаев орман шаруашылығы» КММ 2019 жылдың қараша айында 0,16 га алқапта уақытша питомникте қайың тұқымдарын егу жүргiзiлдi. Қажеттi материалдар мен жабдықтар сатып алынды. Су үшiн 10 м3 2 (екi) сыйымдылық орнатылған. Қазiргi уақытта жабдықтарды жинақтау және орнату жұмыстары жүргiзiлуде. Суды МТЗ-82-1 сыйымдылығы 3 м3 ОПС-1 жақын маңдағы су айдынынан жеткiзу жоспарланған. Отырғызу материалдарын өсiру бойынша күтiм жұмыстарына 7 адам жұмыс iстейдi.

Питомникте ағаш-бұта тұқымдыларының отырғызу материалдары: қайың, қарағай өсiрiледi. Қайың — 200 мың дана, қарағай — 35 мың дана отырғызу материалын алу жоспарлануда.

Қорытынды бойынша 235 мың дана көшет материалдарын өсiру жоспарлануда.

Орманды молықтыру және
орман өсiру жөнiндегi инженерi
Э.К. Махметов