Облыс су айдындарында профилактикалық іс-шаралар

Облыс су айдындарында профилактикалық іс-шаралар

Ағымдағы жылғы 20 мамырда «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ СҚО ТЖ департаментi Петропавл қаласының жергiлiктi полиция қызметiмен және ҚР АШМ Солтүстiк Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi аумақтық инспекциясымен бiрлесiп Есiл өзенiндегi рейдтiк iс-шараларға қатысты. Рейд барысында 6 дана балық аулау құралдары табылды, кiнәлi тұлғалар анықталған жоқ. ҚР ӘҚБК 383-бабына сәйкес, балық аулау ережелерiн, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн бұзу қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi жоқ жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiн айыппұл салуға әкеп соғады.

Қызылжар орман шаруашылығы» КММ аңшысы
Д.Н. Бутенко