2024 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптарын жария талқылау

2024 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптарын жария талқылау
№ Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбы Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме Халықтың мақсатты тобы Күтілетін нәтиже
1. Экологиялық акциялар өткізу:
1. «Өзеннің таза жағалауы» (Петропавл қаласындағы Есіл өзенінің жағалауын коммуналдық қалдықтардан және басқа да тұрмыстық қоқыстардан тазарту);
2. «Таза орман» (Петропавл қаласындағы орман алқаптарын тазарту).
300.0 Облыстың даму жоспары («Жастарды экологиялық жобалармен қамту» нысаналы индикаторы). Студенттер. Әлеуметтік белсенді азаматтарды, жастарды, еріктілерді, студенттерді тарта отырып, Есіл өзені мен орман алқабының жағалау сызығын қоқыстан тазарту. Қалдықтармен жұмыс істеудің экологиялық мәдениетін, экологиялық өмір салтын және белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу.
2. Үздік мектеп орманшылығы байқауы. 900.0 Облыстың даму жоспары (нысаналы индикаторлар: «Жастарды экологиялық жобалармен қамту», «Оқушылардың үздік жасыл тәжірибелер мен технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз ету (қосымша білім беру)» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 19.03.2012 ж. № 25-02-02/114 мектеп орманшылығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы бұйрығы. Мектеп оқушылары. Оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарау және облыс ормандарын сақтау рухында тәрбиелеу бойынша акция өткізу.
3. Табиғат қорғау тақырыбына ұзақтығы 80-90 секундтан кем емес бейнеролик дайындау және оны сәуір айынан бастап 7 ай (28 апта) бойы аптасына кемінде 1 рет трансляциялау. 400 Облыстың даму жоспары («Экологиялық ақпараттық науқанмен қамтылған азаматтардың саны» нысаналы индикаторы. Облыс тұрғындары. Халықты ақпараттандыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау.

2023ғы 23 қарашадағы жағдай бойынша

*Ескертулер мен ұсыныстарды электрондық поштаға жіберуді сұраймыз dpr.sko.gov.kz 7 желтоқсанға дейінгі мерзімде қоса алғанда