
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетi төрағасының м.а. 2015 жылғы 24 шiлдедегi №190 бұйрығына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының балық қорларын ұлғайту, балықтың бағалы түрлерiнiң уылдырық шашуына қолайлы жағдай жасау мақсатында уылдырық шашатын кезеңде балық аулауға шектеу және тыйым салу белгiленген.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңiнде Есiл бассейнiнiң су айдындарында сазан (тұқы) аулауға — 20 мамырдан 20 маусымға дейiн тыйым салынды.
СҚО әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жоғарыда аталған бұйрықты бұзған тұлғалар әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылатынын хабарлайды.
Заңға сiлтемелер:
http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011939
Жануарлар дүниесi және балық ресурстары
бөлiмiнiң бас маманы Е.А. Суворов