Ақмаңдайлы қаздарға оқ атпаңдар!

Ақмаңдайлы қаздарға оқ атпаңдар!

Қазақстанның орман-дала аймағының аумағы үшiн сапасы жағынан әртүрлi су айдындарының көп санының болуы тән, бұл сулы-батпақты кешен құстарының мекендеуi мен көшi-қон тоқтауы үшiн қолайлы жағдай жасайды.

Солтүстiк Қазақстан облысы көктемгi уақытта солтүстiкке қоныс аударатын қаздар мен казарықтардың едәуiр ағыны өтетiн аумақ болып табылады.

Көшi-қон кезiнде бұл аумақ қаздардың демалуы мен азықтандыруы үшiн жақсы жағдай жасайды. Мазасыздықтың төмен факторы, азықтық өрiстердiң жанында көптеген төгiлулер құстардың шоғырлануын қамтамасыз етедi.

Материал 2011-2018 жж. далалық экспедициялар барысында жиналған. Бақылау жылдары миграциялық учаскеде басым орнында Anser albifrons ақмаңдайлы қаз болды. Оның жыл сайынғы орташа саны қарастырылатын топтағы құстардың жалпы санының 97,3%-ын құрады.

Екiншi орынды барлық жылдары Branta ruficollisқызылжемсаулы қарашақазалды, оның жалпы жинақтардағы үлесi 2,2% құрады.

Қаздардың қалған түрлерiне тиiсiнше, Anser erythropus шқылдақ қаз — 0,02%, ал сұр қазға Anser аnser — 0,4% 1 келедi.

Бiздiң облыс арқылы солтүстiкке қоныс аудару кезеңiнде қаздар мен қарашақаздардың қорғауды күшейту мақсатында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының бұйрығымен жануарлар дүниесi бөлiмi мен ведомстволық бағынысты орман мекемелерiнiң қорық қызметi қызметкерлерiнен тұратын ұтқыр топ құрылды.

Бұдан басқа, күзетке «Возвышенка» аңшылық шаруашылығының қорықшылық қызметi қатысты, оның аумағында қоныс аударатын құстардың негiзгi массасы байқалады.

Осылайша, аумақты патрульдеу барысында Мағжан Жұмабаев ауданының екi тұрғыны қаздарды аулау барысындаұсталды. Олардың бiрi ескерту түрiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды, екiншiсiне олжа ретiнде атқан қаз үшiн келтiрген шығыны 27,7 мың теңге көлемiндеайыппұл салынды.

Екiншi жағдайда тәртiп бұзған Петропавл қаласының екi тұрғыны анықталды, оларда заңсыз олжаланған екi қаз табылған. Тәртiп бұзушыларға 55,5 мың теңге көлемiнде айыппұл салынды.

Тағы бiр оқиға құстың жиналуын бақылау кезiнде тiркелдi. Мобильдi топтың назарын ату дыбыстары тартты. Дыбысқа қозғала отырып, тегiс ұңғылы мылтығы бар адам табылды, оның жанында жарақталған патрондар мен бос гильзалар жатты, ал далаға сәл ары қарай олжаланған ақ маңдайлы қаз табылды. Барлық оқиғалар бейнекамераға тiркелдi. Құқық бұзушы да әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Рейдтiк iс-шараларды жүргiзу нәтижесiнде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 6 жағдайы анықталды. Әкiмшiлiк жауапкершiлiкке 6 тұлға тартылды, жалпы сомасы 20,8 мың теңгеге айыппұл салынды. Мемлекетке келтiрiлген шығын сомасы 83,3 мың теңгенi құрайды.

Заңсыз ауланған құстардың арасында қызылжемсаулы қарашақаз болған жоқ, ол үшiн шығын көлемi бес жүз мыңнан астам теңгенi құрайды, бұл қылмыстық жауапкершiлiкке түседi.

Көктемде қаздарды аулаудан бас тартуыңызды сұраймыз. Және оны тек рұқсат етiлген кезеңде ғана жүргiзуге болады, ол Аң аулау ережелерiне сәйкес қыркүйек айының бiрiншi сенбiсiнен 30 қарашаға дейiн келедi. Бұл бiздiң ұрпақтарымыз үшiн өңiрдiң биологиялық әртүрлiлiгiн сақтауға мүмкiндiк бередi.

Жануарлар дүниесi және балық
ресурстары бөлiмiнiң бас маманы
М. Никитин