Орманды қорғау

Орманды қорғау

Орман қорғаудың негiзi — орман шаруашылығының iс-шаралары болып табылады. Оларды техникалық жағынан сауатты орындаусыз ормандарда зиянкестер мен аурулардың ошақтарын жою мүмкiн емес. Орманды қорғаудың орман шаруашылығы әдiстерi — бұл орман шаруашылығын жүргiзу және ормандарды пайдалану кезiнде санитарлық ережелердiң орындалуын қамтамасыз ету, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру. Орман шаруашылығына келесi негiзгi iс-шараларды жатқызуға болады:

  • көшеттiк материалды өсiру, питомниктер мен дақылдарда дұрыс агротехниканы сақтай отырып, сапалы тұқымдарды себу қажеттiлiгi, уақтылы суару, қосымша қоректендiру, отау және т.б. сияқты қарапайым талаптарға тоқтамай өсiру, егiстердi қара пардан кейiн жүргiзу керек екендiгiн атап өту қажет, өйткенi соңғысы сапалы, алғашқы сортты екпе көшеттер мен көшеттердi өсiруге ықпал ететiн тамыр зиянкестерi мен ауруларына қарсы жақсы алдын алу шарасы болып табылады; климаттық және топырақ жағдайларына сәйкес тұқымдарды дұрыс таңдау, дұрыс уақтылы және жүйелi күтiм жасау, жаңадан құрылған дақылдар мен орманды, ең алдымен зиянкестер қоныстанған және анық әлсiреген ағаштардың барлығын алып тастай отырып, бұл ретте сау сүрекдiңдердi кесуге, зақымдауға және қоқыстауға жол бермей, орманды күту; ағаш кесу жүйесiн дұрыс таңдау, орманның санитарлық жағдайын қадағалау (қоқыстарды жинау, бүлiнген екпелердi кесу, дайындалған сүректi уақтылы әкету және т.б.).

Орман мекемесiнде орман патологиялық зерттеу жыл сайын орман орналастыру материалдарына сәйкес, орманмен қамтылған жерлердiң 10%-на жүргiзiледi, бұл жалпы 5 мың га құрайды, орман дақылдары алқаптарындағы топырақ қазу жұмыстары жоспарлы түрде 95 дана көлемiнде жүргiзiледi, мамыр заузақоңыз құрттарымен топырақтың залалдануын анықтау 1 га 3 шұңқыр есебiнен орман дақылдарын құруға түсетiн алаңдарда жүргiзiледi.

2020 жылдың басында орман мекемесiнiң мемлекеттiк орман қоры аумағындағы ормандардың жай-күйiн, артық ылғалданудың (шайып алудың) нәтижесiнде бұзылған екпелердiң болуына қарамастан, орман патологиялық зерттеу барысында ағаштардың көп жағдайда жапырақтарсыз тұрғанына қарамастан, жекелеген ағаштардың де, тұтас топтардың да, сүрек қорын ескере отырып, барлығы 1279,4 га алаңда 151526 м3 қурап қалғанына қарамастан, қанағаттанарлық деп тану керек, карантиндiк объект (жұпсыз жiбек көбелегi) бойынша өткен жылдың көктемi мен күзiнде фитосанитариялық диагностика және болжау қызметiмен бiрлесiп 1229,4 га алаңда орман патологиялық тексеру жүргiзiлдi, жұпсыз жiбек көбелегiнiң зиянкестерi табылған жоқ.

Алқаағаштардың тұрақтылығын сақтау және арттыру, санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында 2019 жылы бiрқатар санитарлық-сауықтыру iс-шаралары жүргiзiлдi: 34,1 мың м3 өтiмдi сүрекпен 287га санитарлық-жаппай кесу әзiрлендi. Санитарлық-iрiктеп кесу 18 га алаңда жүргiзiлдi, оның қоры 51 м3 құрады. Өтiмдi қоқыстарды жинау жоспарланбаған.

Зиянкестердiң (жұпсыз жiбек құртының) және орман ауруларының (қайыңның бактериялық шемен ауруы) болу динамикасы

«Қызылжар орман ш/ғы» Единица измерения площадь, га 2015 2016 2017 2018 2019
Жұпсыз жібек құрты га __ 16,1 84,4 __ __
Бактериялық шемен ауруы га __ 11,7 46,6 25 __

Суда қалған көшеттер динамикасы

ГЛУ Өлшем бірлігі 2015 2016 2017 2018 2019
Су басу   га 6,5 134,4 1074,3 1332,6 1279,4

2020 жылы орман патологиялық жай-күйi бойынша санитарлық-сауықтыру iс-шараларын талап ететiн бүлiнген сүрекдiңдер: 19567 м3 таңдап алынған қоры бар 134,4 га алаңда санитарлық-жаппай (ТҚК), 55 м3 таңдап алынған қоры бар 13,9 га алаңда санитарлық-iрiктелген.

ҚР Ормандарындағы санитарлық ережелерге сәйкес, мекеменiң орман күзетi ағымдағы жылдың мамыр айының басынан бастап мемлекеттiк орман қоры аумағында жұпсыз жiбек құртының, орман зиянкестерiнiң жазғы-күзгi тобының жұмыртқалағыштарының болуына, су басуы, бактериялық шемен ауруы болуына орман патологиялық зерттеу жүргiзуге кiрiстi, олардың нәтижелерi 2020 жылғы 27.05. дейiн табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына ұсынылатын болады.

«Қызылжар орман ш/ғы» КММ
инженер-орман патологы
Р. Тлеуова