
«Ақан серi» орман шаруашылығы» КММ аумағында 2020 жылдың өрт қауiптi маусымы басталғаннан бастап жел, ыстық және құрғақ ауа райы орнады. Бiздiң табиғатымызды сақтау үшiн орман алқаптарын өрттерден бекiтiлген жоспарға сәйкес Өртке қарсы iс-шаралар өткiзiледi. Үнемi техникалар мен құрал-жабдықтардың дайындығын тексерiп, оларға техникалық қызмет көрсету және уақтылы жөндеу жүргiзiледi. Орман шаруашылығын, демалыс орындарын, ағаш дайындайтын және басқа да кәсiпорындардың жұмыс орындарын ормандағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау үшiн тұрақты патрульдеу жүргiзiледi. Тәулiк бойы кезекшiлiк жүргiзiлуде.
«Ақан серi» орман шаруашылығы» КММ
инженерi Ю.Ю. Куркин