Бiр тал кессең, он тал ек

Бiр тал кессең, он тал ек

Соколов орман шаруашылығы биыл 75 га алқапқа қайың және қарағай көшеттерiн отырғызады. Қазiргi таңда бұл елдi мекенде көгалдандыру жұмыстары басталып кеттi. Жалпы биыл облыста 750 га алқапқа 4 млн ағаш отырғызу жоспарланған. Әрiптесiм Нұрбол Балғабеков сөз алады.

— «Вот так вот по стандарту мы должны посадить пасадочный материал в ямочку. И очень плотно при таптать.»

Ағаштар белгiлi бiр талапқа сай отырғызылуы қажет. Өйтпеген жағдайда жас көшет солып қалады. Осылайша Соколов орман шаруашылығы биыл 75 гектар жерге көшет отырғызуы қажет.

Наталья Евсюкова, «Соколов орман шаруашылығы» КММ инженерi:

— «Соколов орман шаруашылығына 4 уақытша тәлiмбақ кiредi. Оның жалпы аумағы 3,5 гектарды құрайды. Мұнда қайың, қарағай, алма ағашы, қызыл шетен мен шырша ағаштары өсiрiледi. Жетiлгеннен кейiн бiз оларды ашық жерлерге отырғызамыз. Ал, қазiр мына аумақта қарағай көшеттерiн отырғызып жатырмыз. Күнi бүгiнге дейiн Соколов орман шаруашылығы бойынша 17 гектарға жас көшет егiлдi».

Табиғат жанашырлары жыл сайын ағаш отырғызуға бөлiнген аумақтардың көлемiн 5 гектарға дейiн ұлғайтып келедi екен. Биыл Соколов орман шаруашылығы бойынша 65 гектар жерге қайың көшетi егiлсе, қалған 10 гектарға қарағай ағашы отырғызылмақ.

Нұрбол Балғабеков, тiлшi:

— «Незiнде табиғат сақшылары жасанды түрде ағаш отырғызуды көктем және күз мезгiлдерiнде жүргiзедi. Өйткенi дәл осы уақытта көшеттер топыраққа тез бейiмделедi екен. Айта кету қажет, бұл көшеттер Налобин орман шаруашылығының тәлiмбағында екi жыл өсiрiлген».

Жалпы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қарамағында 12 мемлекеттiк орман мекемесi бар. Жыл сайын әр мекеме өңiрiмiздiң ормандарын толықтырып отырады.

Марина Подоксенова, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:

— «Биыл жоспарға сәйкес облыс бойынша 750 га алқапқа 4 миллионға жуық жас көшет отырғызылады. 4 миллионға жуық жас көшет уақытша тәлiмбақтарда арнайы өсiрiлген. Қазiргi таңда жұмыстар барлық дерлiк аудандарда қарқынды түрде жүргiзiлуде».

Бұл жұмыстар маусымның 1-i аяқталуы керек едi. Бiрақ, биыл көктем ерте келгендiктен мамандар көшет отырғызуды мамырдың ортасында бiтiрмек.

petropavltv.kz