
2020 жылғы 07-08 сәуiр аралығында «Соколов орман шаруашылығы» КММ орманшылықтарында өрт қауiптi кезеңге өртке қарсы техника мен жабдықтардың дайындығына тексеру жүргiзiлдi. Аталған iс-шара «2019 жылғы өрт қауiптi маусымның қорытындысы және 2020 жылғы өрт қауiптi маусымға дайындық бойынша мiндеттер туралы» ҚР ЭГ және ҚР ПР орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетiнiң 2020 жылғы 21 ақпандағы № 07-5-6/24 бұйрығына сәйкес өткiзiлдi. 2020 жылғы 07 сәуiрде Бугровое, Малинов және Краснояр орманшылықтарында орман күзетiнiң қызметкерлерiне бекiтiлген өртке қарсы техника мен жабдықтарды қарау жүргiзiлдi. Осыған ұқсас iс-шаралар Налобин және Виноградов орманшылықтарында өткiзiлдi. Тексеру нәтижелерi бойынша барлық орманшылықтардың 2020 жылғы өрт қауiптi маусымға дайындығына оң баға берiлдi.
Орман қорғау және күзету инженерi Кучерявенко А.В.