
2020 жылғы 31 наурызда және 1 сәуiрде «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ Солтүстiк Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi аумақтық инспекциясымен және Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бiрлесiп орман шаруашылығының 2020 жылғы өрт қауiптi маусымына дайындығын тексеру өткiзiлдi.
Дайындық тексеруден автотракторлық техника, тiркеме және аспалы жабдықтар, алғашқы өрт сөндiру құралдары, өрт сөндiру автомашиналары және өртке қарсы жылжымалы сыйымдылықтар, орман өрт станциясының тиесiлiлiк нормаларына және радиобайланысына сәйкес жинақталуы өттi.
Тексеру нәтижесi бойынша «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ өрт қауiптi маусымға дайындық деңгейi қанағаттанарлық деп танылды.
Аталған тексеруге «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ қызметкерлерi, олар тракторшылар, жүргiзушiлер, шеберлер, орманшылар және мекеменiң әкiмшiлiк-басқару аппараты қатысты.
Орман қорғау инженерi
Г.В. Сәкенова