Солтүстiк Қазақстан облысы мыңдаған көлдер өлкесi деп аталады. Солтүстiк Қазақстанның көлдерiнде мөңке, тұқы, табан, шортан, алабұға, торта, көксерке сияқты балықтар мекендейдi. Жыл сайын облыс су айдындарында балық аулаумен айналысатын әуесқой балықшыларды көруге болады. Сондықтан жылдың жаппай қырылу кезеңiнде балық ресурстарын құтқару облыс су айдындарының бiрегей ихтиофаунасын сақтау үшiн қажеттi маңызды iс-шара болып табылады.
Облыстың резервтiк су қоймаларында жылдың қыс мезгiлiнде мемлекеттiк орман мекемелерi мен аудандық әкiмдiктердiң қызметкерлерi 2019 жылдың соңынан бастап балық ресурстарын көзбен қарау, жергiлiктi тұрғындарға сұрақ қою, шұңқырларды бұрғылау, су айдындарында мқзойықтарды бұрғылау арқылы құтқару жұмыстары жүргiзiлуде.
Осылай «Ақан серi» орман шаруашылығы» КММ мемлекеттiк орман мекемесiнiң қызметкерлерi Үлкенкөл көлi мен Шақпақ көлiнде резервтiк қордың су тоғандарында мұзға қарсы iс-шаралар бойынша мелиоративтiк жұмыстар жалғасуда. 2020 жылғы 17 наурыздағы жағдай бойынша қамыс бауларын орнатумен 201 шұңқыр бұрғыланды, 11 мұзойық ойылды. Оның iшiнде: Шақпақ көлiнде — 101 шұңқыр, 6 мұзойық, Шақпақ көлiнде — 100 шұңқыр, 5 мұзойық. Балық ресурстарының жаппай қырылуы анықталған жоқ.
Облыс су айдындарында балық ресурстарын құтқару жұмыстары 2020 жылдың наурыз айының соңына дейiн жалғасады.