2023-2024 жылғы күзгі аң аулау маусымының ашылуы туралы

2023-2024 жылғы күзгі аң аулау маусымының ашылуы туралы

«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ қала мен облыс тұрғындарының назарына бүгінгі күні аң аулау маусымы жалғасып жатқанын жеткізеді, осыған байланысты Қызылжар орман шаруашылығы қызметкерлері табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтауға бағытталған рейдтік іс-шараларды үнемі жүргізіп отырады.

Бұл жұмыс ішкі істер органдарының өкілдерімен бірлесіп жүргізіледі.

Әуесқойлық және спорттық аңшылықпен айналысатын облыс тұрғындарынан Аң аулау қағидалары мен ҚР Ормандарындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды – өзіңізбен бірге рұқсат құжаттарын, қаруды алып жүруге және сақтауға рұқсатты, аң аулау құқығына рұқсатты алып жүруді сұраймыз.

Сондай-ақ, аң аулау кезінде алкогольдік немесе есірткілік мас болу әкімшілік жазаға әкеп соқтыратынын есте ұстаған жөн.

«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ-нің
аңшылық маманы
Д. Н. Бутенко