
Орман шаруашылығының ең маңызды және бастапқы міндеттерінің бірі ормандарды дер кезінде қалпына келтіру болып табылады.
2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарды жүзеге асыру үшін 2023 жылдың күзінде «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ 287 гектар алқапқа орман дақылдарын отырғызуды жоспарлап отыр. Биылғы көктемде 115 гектар отырғызылды.
Орман дақылдарын отырғызу ашық алаңдарда жүргізіледі, бұл орманның табиғи жаңаруы жоқ алаңдарды техникалық орындауда аз еңбекті қажет ететін ағаш өсіру болып табылады.
Бір жылдық қара пар жүйесі бойынша топырақты ішінара өңдеу қолданылады. 2022 жылдың күзінде және 2023 жылдың көктемінде алаңдарда түбін қопсыту, содан кейін жолақтарды екі ізге фрезерлеу жүргізілді.
Отырғызу механикалық жолмен, яғни орнатылған отырғызу машиналары арқылы жүзеге асырылады. Барлығы 2023 жылы 402 гектарға орман дақылдарын отырғызу жоспарлануда.
«Орлиногор орман шаруашылығы» КММ
Ормандарды молықтыру және орман өсіру инженері
О. А. Вишнякова