Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ең үздік қолжетімді техникаға (бұдан әрі - ЕҚТ) көшу жөніндегі реформаны іске асыру үшін ЕҚТ бойынша анықтамалықтар әзірлеуде.
ҚР Экологиялық кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап I санаттағы ірі кәсіпорындардың ЕҚТ қолдануға байланысты кешенді экологиялық рұқсаттарға міндетті түрде көшуі көзделген.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін ЕҚТ-ға көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Кодекстің 3-бабы 2-тармағының 7-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының міндеттерінің бірі мемлекеттің ең үздік қолжетімді техниканы кеңінен қолдануды көтермелеуі және ынталандыруы болып табылады.