
2023 жылғы 27 қыркүйекте «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ Куйбышев орманшылығының Прибрежное ауылының аумағында «Табиғи өрттердің алдын алу және жою жөніндегі басқарма органдарының, ТЖ комиссиясының іс-қимылдары» тақырыбы бойынша «Орман – 2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығудың мақсаты ауқымды табиғи өрттерден туындаған төтенше жағдайларды жою кезінде Солтүстік Қазақстан облысының басқарма органдары арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау болды.
Оқу-жаттығудың негізгі міндеттері: ТЖ департаменті мен табиғи өрттерді жою жөніндегі жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл жоспарларын нақтылау және мүдделі органдардың өзара ақпарат алмасу тәртібін пысықтау болды.
Командалық-штабтық жаттығуға мынадай күштер мен құралдар тартылды:
Табиғи өрттерді жою кезіндегі іс-қимылдарды тәжірибелік пысықтауға мыналар кірді: қызметтер арасында шөпқұрам тұтануының анықталғаны туралы хабарлау, дала өртін сөндіруді ұйымдастыру, өрттің орман алқабына көшуі және оны сөндіру, өрттің елді мекенге таралуы, халықты хабардар ету және эвакуациялау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, өртке ұшыраған орман алқабында адамдарды кинологиялық есептеулер арқылы іздеу.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жедел штабтың жұмылдырылған функционалдық топтармен кеңес өткізілді, оқу-жаттығуларға талдау жүргізілді және қорытындылар шығарылды.
Бұл іс-шаралар шынайы өрттерге барынша жақын табиғи өрттерді сөндіру дағдыларын пысықтау және барлық жедел қызметтердің өзара іс-қимылы үшін жүргізіледі.