«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ жыл сайын қысқы мерзімде биотехникалық іс-шараларды өткізу кезінде жабайы жануарларды қоректендіру үшін ағаш жапырақтарын дайындайды. Үстеме жемдеу желтоқсаннан наурызға дейін жалғасады, ал оның мөлшері ауа-райына байланысты болады.
Жануарлардың өздеріне дайындалған азыққа қол жеткізуі үшін олардың жүретін учаскелерін мұқият таңдап, жиі баратын қоректену жерлерін алдын-ала іздеп, оларды біртіндеп ақырларға үйретіп, қоректенетін жерлерге жол салуды ұйымдастыру қажет.
Жабайы құстар мен жануарлар өздігінен қорек іздеуге дағдыларын жоғалтпау үшін оларға қойылатын жем азық мөлшерінің бір бөлігін ғана құрауы керек, ал қалғанын жануарлардың өздері табуы керек.
Үстеме жемдеудің ойдағыдай болуы уақтылығымен, жүйелілігімен, үстеме жемдеу уақыты мен орнын дұрыс таңдауымен, азықтың түрлері мен сапасымен, сондай-ақ жануарлардың әдеттерін білумен анықталады.
«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ-нің
аңшылық маманы
Д. Н. Бутенко