Назар аударыңыз! Күзгі аң аулау маусымы!

Назар аударыңыз! Күзгі аң аулау маусымы!

«Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына және «2023 жылғы 15 ақпаннан бастап 2024 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимитін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 85 бұйрығына сәйкес «Мамлютка орман шаруашылығы» КММ тұяқтылар мен су құстарын аулау маусымының ашылғаны туралы хабарлайды.

Күзгі аңшылық маусымының басталуымен мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері Мамлют ауданының ІІО-мен бірлесіп браконьерлік, заңсыз аң аулау, балық аулау ережелерін бұзу, орман талаптарын бұзу фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Аңшылық қағидаларын сақтамау түріндегі табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабында (5 АЕК-тен айыппұл), заңсыз аң аулағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабында (3000 АЕК-тен айыппұл) көзделген жаза қолданылады.

Аң аулау кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:

  • патрондарды оқтау үшін тез тұтанатын тығындарды, қағаз жыртындыларын қолдануға болмайды;
  • аң аулау кезінде жеке қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.

«Мамлютка орман шаруашылығы» КММ
аңшылық маманы
Р. Р. Мунаев