Петропавл қаласының бұрынғы мәдениет және демалыс саябағының аумағында 2023 жылғы 15 қыркүйекте Басқарма «Жастар СӨС үшін» ЖҚБ-мен бірлесіп Солтүстік Қазақстан облысының мектеп орманшылықтарының 12 облыстық слет-конкурсын өткізді.
Слетке облыстың мектеп орманшылығының өкiлдерi, 7-11 сынып оқушылары қатысты. Әр орман мекемесiнен құрамында 4 оқушы бар мектеп орманшылығының бiр делегациясы қатысты, барлығы 11 команда қатысты.
Слеттi өткiзудiң мiндеттерi — мектеп орманшылықтары мүшелерiнiң табиғатты қорғау және орман шаруашылығы сауаттылығын жетiлдiру, табиғатты сақтау үшiн белсендi азаматтық жауапкершiлiктi тәрбиелеу, арнайы бiлiмi мен практикалық дағдылары бар оқушыларды анықтау және көтермелеу, шығармашылық, практикалық қызметке тарту, оқушыларды кәсiптiк бағдарлау және өзiн-өзi жетiлдiру және бiлiм беру органдары мен орман шаруашылығы тарапынан табиғатты қорғау жұмысына бiрлесiп басшылық жасауды жақсарту.
Слеттің жұмыс бағдарламасы 2 негізгі байқауды қамтыды:
Облыстың Төтенше жағдайлар департаментi ұйымдастырушылармен бiрлесiп өрт сөндiру құралдарын қолдана отырып эстафета өткiздi. Сонымен қатар, қатысушыларға өңiр құтқарушылары қолданатын арнайы техника мен жабдықтар көрсетiлдi.
Сондай-ақ, облыс Полиция департаменті қатысушыларға қоян-қолтық ұрыс бойынша мастер - класс өткізіп, кинологтар иттермен өнер көрсетті.
«КВЭСТ» эстафетасы Ең ұзақ әрі қиын, бiрақ сонымен бiрге қызықты болды. Сынақ 15 кезеңнен тұрды, онда қатысушылар практикалық және теориялық бiлiмдерін көрсетті.
Мамандандырылған конкурстар үшiн 10 номинация бойынша («Ең жылдам», «Ең белсендi» және т.б.) қатысушыларға жеке сыйлықтар берiлдi.
Слет – конкурстың қорытындысы бойынша әрбiр қатысушы команда қатысқаны үшiн сертификат алды.
Қорытынды шығарылғаннан кейін жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды:
Осы iс-шараны өткiзуге белсендi қатысқаны үшiн тәлiмгерлер мен команда қатысушыларына алғыс бiлдiргiміз келедi.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің басшысы
В. Лабанчук