
«2021-2025 жылдарға арналған орман дақылдары жұмыстарын тұқымдық және отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың өндірістік жоспарына» сәйкес «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ-де 484 кг көлемінде қотыр қайың тұқымын жинау орындалды.
КММ-де 43 орманды шолып тексеру бар, олар барлық орманшыларға бірдей бөлінеді. Биылғы жылы қайың тұқымының өнімі нашар, бірақ еңбекқорлық пен жұмысқа жауапкершілікпен қараудың арқасында орманшылар жоспарды 100% орындады. Барлық тұқым арнайы жабдықталған қоймада сақтауға қабылданады. Тұқым сөрелерде шашылып ретінде сақталады.
Әр учаскеден салмағы 25 грамм сынама алынып, қоса берілген барлық құжаттармен бірге тұқымның сапасын анықтау үшін «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК-ға жіберілді.
Болашақта қотыр қайыңның тұқымы орман шаруашылығының уақытша питомниктеріне себілетін болады.
«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ