Соколовка орман шаруашылығының гүл бақшасы

Соколовка орман шаруашылығының гүл бақшасы

Соколовка ауылдық округінің әкімдігі жыл сайын әкімшілік ғимаратқа іргелес жатқан жер учаскесін үлгілі ұстағаны үшін «Соколовка орман шаруашылығы» КММ ұжымын алғыс хаттармен және грамоталармен марапаттайды.

Орман мекемесінің қызметкерлері жыл сайын жаздың басынан бастап гүл отырғызумен айналысады. Гүлзарларда алуан түрлі гүлдерді – көк, қызғылт, ақ түсті шырайгүлдердің аралын, түрлі-түсті нарғызгүл, тегеурінгүл, есінекгүл, қараот, гербера, таушымылдықтар, раушандар, лалагүлдер, сары түймедақтармен себілген жолды көруге болады.

Күзде гүл бақшасының дақылдар гүлшоғырлары көзді қуантады. Бұл түстердің жарқын, әрі мол мерекесі. Көптеген басқа гүлдер сияқты ақкекіреде де гүлдер топтарға, гүлшоғырларға жиналады. Олар өздерінің ашық түстерімен және сәнді гүлденуімен айналадағы адамдардың көздерін тамсандырады. Барқытгүл күздің соңына дейін гүлдейді. Өсімдіктің гүлшоғыры барқыттан тігілген сияқты көрінгендіктен осылай аталып кетті.

Орман шаруашылығының аумағындағы жасыл шыршалар мен бәйтеректерді көріп, ұзақ уақыт таңдануға болады.

«Соколовка орман шаруашылығы» КММ маманы
Н. В. Шишкина