Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған алдын алу шаралары туралы

Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған алдын алу шаралары туралы

Он орман өртінің тоғызы адамның әрекетінен туындайды: шөпті өртеу, отты сөндірмеу және темекі тұқылдарын тастау.

Бұл мәселені шешудің жалғыз жолы – жаңа өрттердің алдын алу, адамдардың пікірі мен мінез-құлқын өзгерту, оларды отпен жауапкершілік танытып, мұқият әрекет етуге сендіру және ең алдымен құрғақ шөпті өртеуден бас тарту.

Осы мақсатта мемлекеттік орман күзетімен іс-шаралар кешені және кең ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізілуде: 1 112 аншлаг (жылдық жоспардың 103%) орнатылды, БАҚ-та 95 мақала жарияланды, теледидардан 13 сөз сөйлеу ұйымдастырылды, 3 558 парақша таратылды, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 599 жадынама берілді, ұйымдарда, кәсіпорындарда және мектеп мекемелерінде 374 дәріс пен әңгімелер ұйымдастырылды және өткізілді сонымен қатар, ұзындығы 809, 5 километр минералданған жолақтарды орнату (жылдық жоспардың 72%), 16 996 километр минералданған жолақтарды күту (жылдық жоспардың 67%) жүргізіледі.

2023 жылдың өткен кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысының аумағында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қарамағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде 163 тұтану болды, оларды сөндіруге 1 263 адам қатысты.

2023 жылғы өрт қаупі бар маусымда жалпы ауданы 78, 36 гектар болатын 23 орман өрті тіркелді. Барлық материалдар аудандық ішкі істер бөлімдеріне берілді.

Халықтың және түрлі құралымдардың ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 45 хаттама жасалды, 974, 625 мың теңге сомасына 45 әкімшілік айыппұл салынды, 100% өндірілді.

Орман өрттерін болдырмау және олардың алдын алу жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлімінің бас маманы
А. Б. Өмірзақова