
2023 жылғы тамыздың 7-сінен 11-і аралығында Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы" РМҚК мамандары мен облыстың орман күзеті қызметкерлерінің қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында Жұмыс жоспарына сәйкес ауру жұқтырған екпелер мен орман зиянкестерінің таралу ошақтарын орман патологиялық зерттеу жүргізілді.
Зерттеу Айыртау, Мамлют, Ғ. Мүсірепов ат., Шал ақын және М. Жұмабаев аудандарының 5 орман мекемесінде жүргізілді, оларда орман зиянкестерінің және бактериялық ісік-шеменінің ошақтары бар.
Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша орман зиянкестері мен ауруларының таралуын тежеу шаралары бойынша ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, М.Жұмабаев ауданында биыл ауа-райының жағымсыз әсерінен жаппай қурай бастаған екпелер зерттелді.
Жақын арада қурау себептерін анықтау үшін «Ә. Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мамандары осы екпелерге қосымша тексеру жүргізетін болады.