
2023 жылғы 27 шілдеде «Булаев орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында орман тұқымы, питомник, орман дақылдары қызметін жүргізу бойынша семинар-кеңес өтті. Семинар жұмысына облыстың 12 орман шаруашылығы директорларының орынбасарлары мен орман өсіру жөніндегі мамандары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Республикалық орман селекциялық орталығының мамандары қатысты.
Булаев орман шаруашылығында мемлекеттік орман қорында отырғызу үшін және елді мекендерді көгалдандыру үшін отырғызу материалын өсіру үшін 3 питомник құрылды.
Мемлекет басшысының 2 млрд. ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген Өндірістік жоспарға сәйкес ағымдағы жылы Булаев орман шаруашылығы 400 гектар алқапқа ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізіп, 2,2 млн. дана көшет отырғызатын болады. Питомниктерде жұмыс істеуге арналған отырғызу материалы бар.
Семинар барысында Конюхово орманшылығындағы (Конюхово ауылы) және Булаев қ. орман шаруашылығының орталық үйіндегі уақытша питомниктер қаралды.
Булаев орман шаруашылығы қызметкерлері семинардың барлық қатысушыларын орман мекемелерінде әзірленген қарағай мен қайың тұқымын себу схемаларымен, отырғызу материалын өсіру әдістері мен тәсілдерімен, питомниктердегі екпелер мен көшеттердің тұқымдық құрамымен таныстырды.
Питомниктерді суару мәселесін шешу үшін тереңдігі 50 метрден асатын екі ұңғыма орнатылды: Булаев қаласындағы питомник аумағында және Уваково ауылындағы орман өрт сөндіру станциясының аумағында.
Республикалық орман селекциялық орталығы мен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары тұқымдарды дайындау, өңдеу, сақтау, отырғызудың интерактивті картасында жұмыс істеу және басқа да өндірістік мәселелерді қарады.