«Оңай Қызмет» Telegram-арнасын құру

«Оңай Қызмет» Telegram-арнасын құру

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіру, халықтың хабардарлығын жақсарту және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету үшін «ONAY_QYZMET SQO» Telegram-арнасын құрды.

Пайдаланушылар «ONAY_QYZMET SQO»-ға сілтемені басу немесе қолданбадағы QR кодын сканерлеу арқылы тіркеле алады.