«Жасыл Ел» қозғалысы 2005 жылы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда бұл бағдарлама жастарды жазғы кезеңде жұмысқа орналастыру және өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды сақтау және көбейту мәселелеріне тарту үшін бірегей және өзекті мүмкіндік болып табылады. Ол бүкіл елде сәтті жүзеге асырылуда және үлкен танымалдылыққа ие болды.
«Жасыл Ел» бағдарламасын іске асыру кезеңінде облыстың орман шаруашылықтарында 7 мыңнан астам адам жұмыс істеді.
Бағдарламаның мақсаты – 16 жастан 29 жасқа дейінгі жастарды жұмысқа орналастыру.
Орман мекемелерінде жұмыс істейтін «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының жауынгерлері жұмыстардың мынандай түрлерін орындайды: орман питомниктеріне күтім жасау, тұқымдар мен ағаш жапырақтарын дайындау, екпелерді қоқыстан тазарту, орманға күтім жасау мақсатында кесу жүргізу, кеспеағаш қорын дайындау кезінде бағаналарды орнату және т. б.
Осы жылдар ішінде «Жасыл Ел» жасақтары студенттерінің жазғы орман шаруашылығы жұмыстарын орындауы үйреншікті жағдайға айналды.
Мемлекеттік орман шаруашылықтарында жасақтардың жұмысына ИТҚ немесе мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің қатарынан бекітілген мамандар басшылық етеді.
«Жасыл Ел» жасақтарын ұстауға 2023 жылы жергілікті бюджеттен 254005000 «Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсіру» бағдарламасы бойынша 29, 6 млн. теңге бөлінді.
Орташа алғанда, жергілікті бюджет қаражатынан жалақы 70 мың теңгені құрайды. Бұдан басқа, республикалық бюджеттен «Жасыл Ел» өңірлік штабы арқылы әрбір жауынгерге қосымша ақылар бөлінеді.
Жұмыстан қалулар болмаған жағдайда ай сайынғы жалақы шамамен 85 - 90 мың теңгені құрайды, оның үстіне нысанды киім-кешек беріледі.
«Жасыл Ел» жауынгерлерін іріктеу тек 2023 жылдың 3 шілдесінен басталды (облыс бойынша жауапты тұлғалар бойынша конкурс өткізілді).
Жауынгерлерді қабылдауды СҚО бойынша өңірлік штаб («Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігі, жетекшісі Р. А. Арманов) жүргізеді. Содан кейін тізімдер орман шаруашылықтарына беріледі, олар жауынгерлерді жұмысқа қабылдайды, олармен келісім-шарттар жасайды және жұмыс табельдерін жүргізеді.
Мемлекеттік орман шаруашылығы басшылары мен басқарма мамандарының пікірлері тек оң және біртұтас, яғни жас ұрпақ еңбекке мүмкіндігінше ертерек баулуы керек, өйткені еңбек ұлдар мен қыздарға өмірлік биіктерге жетуге көмектеседі. Өйткені, бұл біздің еліміздің болашағы.
«Жасыл Ел» жасақтары жұмысының қорытындысы бойынша республикалық жастар еңбек жасақтары штабының басшысы маусымды жабуды, Қазақстан Республикасының еңбек жасақтарын дамыту ісіне белсенді қатысқаны және ынтымақтастығы үшін мемлекеттік орман шаруашылығы қызметкерлерін және «Жасыл Ел» жасақтары жауынгерлерін марапаттауды өткізеді.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлімінің статистигі С. Е. Сүлейменова