
Біздің өңірде жылыту маусымы 7 айдан астам уақытқа созылады, сондықтан отынды қысқа уақтылы дайындау күтпеген проблемаларды жояды. Отын ағашын жинаудың қолайлы уақыты – жаз-күз.
Ағаш дайындау процесі рұқсат құжаттарын рәсімдеуден басталады. Жергілікті халықтың ағашқа деген қажеттілігін қамтамасыз ету одан орман мекемелеріне өтінімдер болған кезде басты және аралық мақсаттарда пайдаланудағы ағаш кесуден, өзге ағаш кесуден және кеспеағаштардан тыс жерлердегі қоқыстарды жинаудан ағаш сату есебінен жүзеге асырылады.
Отын сүрегін дайындау үшін, ең алдымен, аурулар мен зиянкестерден, сондай-ақ орман өрттерінен зақымдалған өлі және суланған екпелер бөлінеді. Бұл тәсіл санитарлық-сауықтыру шаралары мен орманды кеспеағаштардан тыс жерлердегі қоқыстан тазарту мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді. Сау, жас ағаш отын дайындауға тағайындалмайды.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен облыс бойынша 2023 жылға 457,8 мың текше метр мөлшерінде кеспеағаш қоры бекітілді.
Әрбір елді мекен үшін барынша қолжетімді кеспеағаш қоры бөлінеді. Объективті жағдайларға байланысты кеспеағаштың қажетті көлемі әрдайым қол жетімді бола бермейді, ағаш дайындау орындары елді мекендерден алыстап барады. Әлі зерттелмеген және есепке алынбаған өлі және зақымдалған екпелер іс жүзінде қалған жоқ.
Рұқсат алу үшін халық жақын маңдағы орман шаруашылығына жүгінеді және өтініш береді. Қолданыстағы заңнама шеңберінде (Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 91-бабы) өтінімді қарау үшін бір ай белгіленеді, бірақ өтінім, әдетте, келіп түскен күні қаралады. Қаралғаннан кейін тұтынушы «Қазпошта» бөлімшелеріндегі ағаш үшін ақы төлейді және орман мекемесімен шарт жасасады.
Тұтынушыға бөлінген орман учаскесінде ағаш кесуге жоспарланған әрбір ағаш көлемін бағалау және есепке алу үшін белгіленеді. Орманшы немесе орман шебері тек кесуге жоспарланған орманның кесілуін қатаң қадағалайды.
Отын сүрегін алуға өтінім берген Солтүстік Қазақстан облысының барлық тұрғындары онымен толық көлемде қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы 2023 жылдың алты айында мемлекеттік орман шаруашылықтары бөлінген кеспеағаш қорынан (332,8 мың текше метр) 135,6 мың текше метр босатты, бұл 41% құрайды. Ұзақ мерзімді орман пайдаланудың жалға алушылары бөлінген көлемі 125,0 мың текше метрден 41,3 мың текше метр немесе 33% босатты.
Отын сүрегін ең белсенді дайындау Аққайың, Жамбыл және Айыртау аудандарында байқалады.
2023 жылғы кеспеағаш қорына рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
Орман шаруашылықтарындағы отын сүрегі санитарлық кесуден 1 текше метрге 2 мың теңге бағасымен беріледі.
Облыс тұрғындарын отынмен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді жедел шешу СҚО әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды треттеу басқармасының және орман шаруашылығы директорларының тұрақты бақылауында.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлімінің статистигі
С. Е. Сүлейменова