
«Мамлютка орман шаруашылығы» КММ қызметінің негізгі бағыттарының бірі экологиялық және ресурстық әлеуетті арттыру, орман ресурстарын тиімді және сарқылмас пайдалану, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру болып табылады.
Жыл сайын Өндірістік жоспарға сәйкес орманды молықтыру бойынша көрсеткіштер ұлғаяды:
- 2023 жылға 253 га алқапқа орман отырғызу жоспарланған, көктемгі кезеңде 32 га алқапқа отырғызу орындалды.
Мамлют ауданының ормандары көпжақты шаруашылық маңызға ие. Олардың қорғаныс функцияларын орындаудағы рөлі өте маңызды, орман екпелері ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға әсер етеді. Орман қорының жерлері қосымша жем-шөп базасы болып табылады. Ауданның екпелері сүрек пен оны қайта өңдеу өнімдерін алудың ең маңызды көзі болып табылады. Мамлют ауданы аумағының ормандылығы 8,0 % құрайды.
Ормандарды күзету – орман шаруашылығында өрттердің алдын алу, оларды дер кезінде анықтау және олармен күресу, ормандарды заңсыз кесуден, ұрлаудан және басқа да бұзушылықтардан тиімді қорғау жөніндегі маңызды іс-шара болып табылады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-1-бабына сәйкес:
Үй маңындағы, саяжай мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталардан басқа, орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттерді, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндерді не қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау:
Елу айлық есептік көрсеткішке дейін залал келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау:
Барлық тұрғындарға айтқымыз келетіні – орманды сақтаңыз! Орман – денсаулық пен сұлулықтың қайнар көзі. Табиғатты қорғаудағы игі еңбек із-түзсіз өтпейді. Ол бүгінді көріктендіреді және болашақтың тірі өскіні болып табылады.
«Мамлютка орман шаруашылығы» КММ
орманды молықтыру және орман өсіру инженері
П. С. Косоурова