«Таза орман» акциясы

«Таза орман» акциясы

2023 жылдың 2-жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 4 шілдесінде «Соколовка орман шаруашылығы» КММ-мен Красный Яр орманшылығының 88-орам «Серебряный бор» табиғат ескерткіші аумағында экологиялық акция өткізілді.

Акция барысында келісі жұмыстар орындалды:

  • аумақты 5 м3 көлемінде қураған ағаш пен тұрмыстық қоқыстардан тазарту;
  • 2 шлагбаумды бояу;
  • табиғатты қорғау тақырыбына бір аншлаг орнату;
  • 1 км көлемінде минералданған жолақтарға күтім жасау.

Акцияға Красный Яр орманшылығының орман күзетінен, «Жасыл Ел» жастар жасағының жауынгерлерінен және Березовка ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлерінен 10 адам қатысты.

«Соколовка орман шаруашылығы» КММ
Орман күзету және қорғау инженері
Кучерявенко А. В.