
Орманды зиянкестер мен аурулардан қорғау екпелердің өнімділігін арттыру, тұрақтылығын сақтау және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша жүргізілетін маңызды шаралардың бірі болып табылады.
«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ орман күзеті орманды зиянкестер мен аурулардан қорғау мәселелеріне ерекше назар аударады, орман-патологиялық тексерудің жылдық жоспарлы ауданы – 5 300 га, бұл орман мекемесінің орманмен көмкерілген алаң аумағының 10%-ын құрайды, топырақты қазу жоспарының көлемі – 95 шұңқыр, соның ішінде орманшылықтар бөлігінде: Боголюбово – 14, Куйбышев – 29, Тепловское – 7, Сосновка – 45.
Мекемедегі ормандар негізінен қанағаттанарлық жағдайда, бірақ қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсеріне ұшыраған жағдайлар да бар.
Осыған байланысты сарықанат жібек көбелігінің бар-жоғын анықтау мақсатында мекеме орман қорының аумағына жоспарлы түрде орман-патологиялық мониторинг (алдын ала тексерілетін және егжей-тегжейлі) жүргізіледі.
Ағымдағы 2023 жылдың мамыр айында мемлекеттік орман қорының 3549,5 га орманмен көмкерілген жерлері тексерілді. Өткен жылғы шамадан тыс аса ылғануға және жер асты суларының көтерілуіне байланысты, қайың ағаштары суланады және уақыт өте келе құлап кетеді.
Ағаш өсімінің төмендеуі, олардың эстетикалық түріне нұқсан келуіне әкеп соғатын су басулар пайда болады, ол өз кезегінде екпелердің кебуіне, табиғи түлеу қабілеті жоғалуына, сүректің техникалық сипаттамасының жоғалуына әкеліп соқтырады. Су басудың бар-жоғына мемлекеттік қор аумағының 670,5 га алаңында орман-патологиялық тексеру жүргізілді.
2023 жылдың басынан бастап жоспар бойынша 155,5 га-дың 75,1 га алаңында кебу мен артық ылғанудан зақымдалған және әлсіреген екпелерде санитарлық-сауықтыру іс-шаралары жүргізілді.
Жүргізілген орман-патологиялық барлау нәтижесінде 55 га алқапта жазғы-күзгі топтағы орман зиянкестерінің жекелеген ошақтары анықталды (жүндес жібек көбелегі – Eriogaster lanest), алынған деректердің негізінде қажетті іс-шараларды өткізу ұсыныстарымен шұғыл хабарлама жолданды.
Орман екпелерін қорғауды жүзеге асыру орман ауруларының таралуына және зиянкестердің санын шектеуге, сүрекдіңдердің орман патологиялық жай-күйін тұрақтандыруға, орман қорын тиісті санитарлық жағдайда сақтауғаға мүмкіндік береді.
«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ
Инженер-орман патологы
Р. Е. Тілеуова