Қалдықтарды орналастырудың рұқсат етілмеген орындарының пайда болуын бақылау мақсатында тұрақты негізде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ ғарыштық мониторингі жүргізіледі.
Полиция және экология департаменттерімен бірлесіп «Қалдықтарды рұқсатсыз орналастырудың жолын кесу жоспары» (бұдан әрі – Жоспар) әзірленді.
Жоспарға сәйкес жұртшылықпен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтау бойынша өңірлік мобильді топ құрылды. Сәуір айынан бастап рейдтік іс-шаралар өткізіледі.
Петропавл қаласында 109 «іКөмек» бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді, онда тұрғындар стихиялық қоқыс үйінділерінің болуы туралы координаттарды беру үшін жүгіне алады. Оларды жою шараларын қабылдау үшін ақпарат қаланың ТКШ бөліміне беріледі.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ғарыштық мониторинг құралдарымен 69 рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастыру орны (49 – рұқсат етілмеген, 20 – белгіленген шекараны бұза отырып) анықталды:
- Айыртау ауданында – 18, Аққайың ауданында – 14, Қызылжар ауданында – 18, Тайынша ауданында – 19.
40 немесе 58% жойылды, оның ішінде: Айыртау ауданында – 12 (66%), Аққайың ауданында – 11 (78%), Қызылжар ауданында – 13 (72%), Тайынша ауданында – 4 (21%). Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Қалдықтарды әрқайсымыз өндіреміз және болашақта қанша стихиялық қоқыс үйіндісі пайда болатыны оларды жауапкершілікпен пайдалануға байланысты. Халықты коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз.
Қалдықтармен жұмыс істеу мәдениеті – бұл әрқайсымыздан, әр отбасыдан басталатын мәдениет. Қоқысты тек осы мақсатқа тағайындалған орындарға тастаңыз!
СҚО әкімдігі табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу басқармасының
бас маманы В. Спиней