Халықты отын сүрегімен қамтамасыз ету және көктемгі орман дақылдары іс-шараларын жүргізу тәртібі

Халықты отын сүрегімен қамтамасыз ету және көктемгі орман дақылдары іс-шараларын жүргізу тәртібі

Әр елдің ұлттық байлығы, ең алдымен, табиғи ресурстардың болуымен анықталады. Қазақстан Республикасында байлық көздерінің бірі орман болып табылады.

Ормандарды сақтау және көбейту үшін біздің өңірдің орман шаруашылығы мекемелері оларды көбейтумен айналысады.

КМУ питомниктерінде мектеп бөлімі сүмбіл терек, ағаш тектес тал отырғызды. Сондай-ақ, питомниктерде қотыр қайың мен кәдімгі қарағайдың тұқымын себу жоспарлануда.

Халықтың отын сүрегіне қажеттілігін қамтамасыз ету үшін «Мамлютка орман шаруашылығы» КММ оны келесі бағамен сатуды жүзеге асырады:

  • санитарлық кесуден - 1 м3 үшін 2 000 мың теңге;
  • басты мақсатта пайдаланудағы ағаш кесуден (табиғи өсетін сүрек) – 1 м3 үшін 2 340 мың теңгеден.

Сүрек дайындағысы келетін азаматтар сатып алынатын ағаштың мөлшерін көрсете отырып, орман шаруашылығы директорының атына жеке өтінішпен жүгінуі керек, бұл ретте өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет.

Өтініштің үлгісі орман шаруашылықтары және орманшылықтар кеңселерінде, сондай-ақ ауылдық әкімдіктерде бар. Өтініш берер алдында тұтынушы сүректі шығару орнын анықтау үшін аумақтық тиесілігі бойынша орманшыға жүгінуі қажет. Сүрек үшін төлем пошта байланыс бөлімшелерінде немесе ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.

СҚО Мамлют ауданының тұрғындары өз елді мекеніне жақын жерде отын сүрегін шығару үшін мына мекенжайға жүгіне алады: Мамлютка қ., Лесная к-сі, 27-үй, немесе 8 (715-41) 2-13-08 телефон нөмірі бойынша.

«Мамлютка орман шаруашылығы» КММ
Орманды молықтыру және орман өсіру инженері
Косурова П. С.

 

«Булаев орман шаруашылығы» КММ бойынша 2023 жылғы өндірістік жоспарына сәйкес 109,5 га алаңда қотыр қайың мен кәдімгі қарағайдың орман дақылдарын отырғызу және 543,1 мың түп көшет отырғызу материалын жұмсай отырып, 120,3 га алаңда өндірістің өткен жылдарындағы орман дақылдарын толықтыру жоспарланған болатын.

Ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу үшін «Булаев орман шаруашылығы» КММ-де 511,1 мың түп қотыр қайың және 32 мың түп кәдімгі қарағай көшеттері қазылды. Сондай-ақ, отырғызу материалын кеуіп кетуден сақтау үшін үгінділермен жабылған 4 қар үйіндісі жасалды.

Қотыр қайыңның орман дақылдарын отырғызу өткен жылдардағы қураған екпелердің кесінділерінде 105,5 га алаңда жүргізілді, 109,5 га алқапқа орман дақылдары отырғызылды, 120,3 га алқапқа өндірістің өткен жылдарындағы орман дақылдарына толықтыру жүргізілді.

 

Кәдімгі қарағайды отырғызудың 2024-2025 жылдарға арналған өндірістік жоспарын орындау мақсатында «Булаев орман шаруашылығы» КММ-де кәдімгі қарағайдың тұқымын себу жоспарланып, жүргізілді.

Егіс Булаев қаласының аумағындағы Суворов орманшылығының уақытша питомнигінде - 0,13 га алаңда 24 кг кәдімгі қарағай тұқымы және Конюхово ауылының жанында орналасқан Конюхово орманшылығының уақытша питомнигінде - 0,02 га алаңда 6 кг кәдімгі қарағай тұқымы жүзеге асырылды.

Егіс үгінділермен жабындау арқылы қолмен жүргізілді.

«Булаев орман шаруашылығы» КММ
Орманды молықтыру және орман өсіру инженері
Г. Е. Серебренников