Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы қыркүйектегі Жолдауында келесі бес жыл ішінде, яғни 2021 жылдан 2025 жылға дейін отырғызылатын ағаштардың санын 2 млрд. данаға дейін ұлғайту міндеті қойылды.
Белгіленген көлемдерге сәйкес «Соколовка орман шаруашылығы» КММ (бұдан әрі – «Соколовка ОШ» КММ) бойынша «2021 – 2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың өндірістік жоспары» (бұдан әрі - Кешенді жоспар) әзірленді.
Өндірістік жоспарда 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде 1 951 га алаңда 9 млн. 503 мың дана көлемінде орман отырғызу жоспарланған, оның ішінде:
Осылайша, «Соколовка ОШ» КММ-нің жоспарлы тапсырмаларын іске асыру мақсатында 2023 жылғы көктемгі орманды қалпына келтіру жұмыстары 171 га алаңда орындалды, бұл ретте 400 га / 2 132 мың дана жоспар бойынша КММ-нің уақытша питомниктерінде өсірілген 2 жылдық көшеттердің 861 188 данасы жұмсалды, бұл жалпы көлемнің 43% құрайды.
Сондай-ақ, «Соколовка ОШ» КММ уақытша питомниктерінің аумағында 0,5 га алқапта кәдімгі қарағай егілді, бұл ретте 24, 5 кг орман тұқымы және 2,6 га алқапта 681 кг қотыр қайың тұқымы жұмсалды.
Виноградов орманшылығының уақытша орман питомнигінде тамшылатып суару жүйесі жабдықталған және 9 текше ыдысы орнатылған.
Орманды молықтыру жөніндегі көктемгі орман дақылдары жұмыстары аяқталғаннан кейін 2023 жылғы 1 маусым мен 15 маусым аралығында «Ормандарды молықтыру және орман өсіру және олардың сапасын бақылау қағидаларына» сәйкес техникалық қабылдау жүргізілді.
2023 жылдың күзінде орманды молықтыру жоспарын 100%-ға орындау жоспарлануда, бұл 229 га / 1 270 812 дана қотыр қайың көшеттерін құрайды.
«Соколовка орман шаруашылығы» КММ
Орманды қалпына келтіру инженері
Н. А. Евсюкова